Боксшы Данияр Елеусінов жаңа атақ алды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боксшы Данияр Елеусінов жаңа атақ алды Данияр Елеусінов. Сурет: Matchroom©

Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында боксшыға лента мен төсбелгі табыс етті.

Данияр Елеусінов - Батыс Қазақстанның тумасы. 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы - Оралға жиі келетін қонақ. Оның Олимпиададағы жеңісіне орай Оқушылар сарайында Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылған. Онда жүздеген батысқазақстандық спортшы шеберлігін шыңдайды.

"Данияр Елеусінов - өскелең ұрпақ үшін үлгі. Оны БҚО Құрметті азаматы атағымен құттықтап, жаңа жетістіктер тілеймін", - деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

Данияр Елеусінов қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Өте қуаныштымын. Оралдағы чемпионат жақсы ұйымдастырылған, болашағынан үміт күттіретін жас боксшылар өте көп. Құрметті азамат атағы - жерлестерімнің маған көрсеткен құрметі. Оларға рақмет. Жақында тағы бір жекпе-жек өткіздім, 12 раундта жеңуге тура келді", - деді ол.

Еске салайық, жақында Нұр-Сұлтанда өткен жекпе-жекте Данияр аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны жеңіп, IBO бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети