Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында екі қызымыз жеңіске жетіп, ширек финалға шықты, деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz.
Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында екі қызымыз жеңіске жетіп, ширек финалға шықты, деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz.
51 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Алуа Балқыбекова Франция қызы Мэйлис Ганглоффты 2:1 есебімен ұтты. Бұл – Алуаның екінші жеңісі. Ол кеше түнде ғана Молдова аруы Екатерина Карпты 3:0 есебімен тізе бүктірген болатын.
75 келі салмақта сынға түскен Валентина Хальзова Қытай қызы Симин Ченге ешқандай мүмкіндік бермей, 3:0 есебімен басымдық танытты. Бұл – Хальзованың Болгария шаршы алаңына алғаш рет шығуы.
Сөйтіп, екі қызымыз да ширек финалға шықты. Ширек финалдық жекпе-жектер 21 сәуірде өтеді. Ал жігіттерге ширек финалға дейін әлі біраз тер төгу керек. Мәселен, 49, 56, 60, 64, 69, 75, 81 келі салмақ дәрежелеріндегі жігіттерімізге әлі екі жекпе-жектен өткізуге тура келеді. Ал 91 келі және 91 келіден ауыр салмақтағы алыптарымыз оған дейін бір кездесуден өткізеді.
Бүгін кеште мына жігіттеріміз шаршы алаңға шығады:
75 келі: Бекжан Бәкіров – Юлиан Иванов (Румыния)
56 келі: Сұлтан Зауырбек – Эдуард Бутуляк (Молдова)
64 келі: Аян Қалибеков – Джавид Гулиев (Әзірбайжан)