Софияда (Болгарияда) жастар арасындағы әлем чемпионаты басталып, Қазақстан қырандары ішінен бірінші болып шаршы алаңға шыққан Оразхан Ергеш жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Софияда (Болгарияда) жастар арасындағы әлем чемпионаты басталып, Қазақстан қырандары ішінен бірінші болып шаршы алаңға шыққан Оразхан Ергеш жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін Софияда жастар арасындағы әлем чемпионаты "пердесін" түрді. Біздің жас талантарымыздың ішінен бірінші болып 52 келі салмақ дәрежесіндегі Оразхан Ергеш бақ сынады. Ол Италия үміті Винченцо Колелламен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ертең екі жас талантымыз, атап айтқанда, Сұлтан Зауырбек (56 келі) және Абылайхан Жүсіпов (60 келі) әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
Реті келгенде айта кетейік, биылғы әлем чемпионатының жөні бөлек. София шаршы алаңында чемпиондық атақпен қоса Нанкинде өтетін жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарының лицензиялары сарапқа салынады.
Жалпы, Ғалымбек Кенжебеков жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы биылғы әлем чемпионатында өте жоғары деңгейде өнер көрсетеді деп үміттенеміз. Себебі жастар құрамасы сапында жасөспірімдер арасындағы екі әлем чемпионы және жастар арасындағы бес Азия чемпионы бар. Ендеше, іске сәт, жалынды Қазақстан жастары!