Алматыда Қазақстан бокс федерациясы 2021 жылғы Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионаты жүлдегерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда Қазақстан бокс федерациясы 2021 жылғы Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионаты жүлдегерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандықтар 2021 жылғы әлем чемпионатында барлық 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бес медаль – екі "алтын", екі "күміс" және бір қола медаль жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан AIBA рейтингінде бірінші, ал командалық есепте Кубадан кейін (үш "алтын", екі қола медаль) екінші болды.
"Жаңа құрам өзін сәтті көрсетті. Біз тапсырманы орындап, қазақстандық жанкүйерлер үмітін ақтадық деп есептеймін. Боксшыларымызды әлем чемпионатындағы сәтті өнерімен құттықтаймын", - деді федерацияның басшысы Кеңес Рақышев.
Боксшыларды федерация ақшалай сыйлықпен марапаттады. Чемпиондар Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновтың әрқайсы 70 000 доллардан алды. "Күміс" жүлдегерлер Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов 50 000 доллардан, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіпов 30 000 доллар иеленді.
Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар, Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Бек Нұрмағанбет, Ерлан Сапарбай 800 000 теңгеден марапатталды.
Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов 10 000 доллар алса, медаль алған боксшылардың жеке бапкерлерінің әрқайсысы 5 000 доллардан алды. Қалған мамандарға 400 000 теңге сыйақы берілген.
Ұлттық құраманың басқа өкілдері – бас дәрігер, массаж маманы және ғылыми бөлім меңгерушісі де ақшалай сыйлықтармен марапатталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!