Жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Шакур Стивенсон 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында отандасы Роско Хилл мен қазақстандық Сәкен Бибосыновтың шешуші жекпе-жегі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Шакур Стивенсон 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында отандасы Роско Хилл мен қазақстандық Сәкен Бибосыновтың шешуші жекпе-жегі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Сол жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Бибосынов Қазақстанға 2021 жылғы әлем чемпионатының екінші "алтынын" әкелді.
Алайда Стивенсон бұған келіспейді және Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) жемқорлыққа қатысы бар деп айыптады.
"Мен Роско Хилл екінші және үшінші раундтарда жеңді деп ойладым. Бірақ төрешілер басқаларды соқыр деп ойлады-ау. Ол шынымен, жақсы жекпе-жек көрсетті, мен оны екінші және үшінші раундтарда жеңді деп ойладым. Бірінші раундтағы 10:8 дген есеп сұмдық - AIBA-да әлі де жемқорлық бар!" - деп жазды Стивенсон Twitter-де.
Оған 2019 жылғы әлем чемпионатының және 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, америкалық боксшы Кишон Дэвис те қолдау көрсетті.
"Олар, әрине, әлем чемпионатында Роско Хиллді алдады. Бұл шешім ойға сыймайды, жеңіс кімге тиесілі екені айдан анық. Әуесқой жүйе болғандықтан, оны ешкім айтып жатқан жоқ", - деді Дэвис Twitter-де.
They definitely cheated Roscoe Hill in the world championships. The craziest decision I ever seen its clear as day. And nobody speaks on it only because its the amateur system . . . #everythingisbusiness
— Keyshawn Davis (@KeyshawnDavis8) November 7, 2021
Еске салайық, бокстан Белградта өткен әлем чемпионатында Қазақстан жүлделі үштікке енді. Үш әлем чемпионы бар Куба құрамасы турнирлік кестеде бірінші орынға табан тіреді. Қазақстандық боксшылар екі "алтын", екі "күміс" және бір қола медаль жеңіп алды. АҚШ спортшылары медальдық есепте үшінші орынға табан тіреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!