Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті © kfb.kz

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жайна Шекербекова күміс жүлдеге ие болды, - деп хабарлады Vesti.kz.


Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жайна Шекербекова күміс жүлдеге ие болды, - деп хабарлады Vesti.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен финалда Шекербекова КХДР спортшысы Пан Чан Маймен кездесті. Жекпе-жек солтүстік кореялық спортшының жеңісімен аяқталды, 5:0.

Айта кетейік, 2016 жылы Шекербекова Астанада өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері болған.

Бұл медаль Қазақстан құрамасы үшін Делидегі ӘЧ-2018 екінші медалі. Бұған дейін Карина Ибрагимова (60 келі) команда қоржынына қола медаль салды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети