Бокстан әскерилер арасындағы әлем чемпионатында жеті алтын алдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан әскерилер арасындағы әлем чемпионатында жеті алтын алдық Сурет: confederation.kz

"Достық" спорт сарайында бокстан әскерилер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Достық" спорт сарайында бокстан әскерилер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

Әскерилер арасындағы 55-ші әлем чемпионаты қазақтың қайраткер қолбасшысы, Халық қаһарманы, еліміздің бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналып өтті. Бұған дейін хабарлағанымыздай бұл чемпионаттың финалдық кезеңіне 8 бірдей қазақ боксшысы шыққан болатын.

Финалдық жекпе-жектерді бастаған 49 келідегі Олжас Байниязов ресейлік Белик Галановты ұтып, қоржынымызға алғашқы алтынды салса, 52 келіде Олжас Сәттібаев мароккалық Дараа Абделахтан айласын асырып, алттыннан алқа тақты.

Алматыдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 56 келіде ел намысын қорғаған Қайрат Ерәлиев финалдық кездесуде алжирлік Фахем Хаммашиден басым түсіп, үшінші алтынды қоржынға салды. 

Ал 60 келідегі Бекман Сойлыбаев Қытайдан келген Хсе Лингуяға басымдық танытса, 64 келі салмақта біздің Елдос Сарқұлов қола медальға қол жеткізді. Бұл салмақта алтынды моңғолиядан келген Чинзориг Баатарсук алды. Ол финалда тунистік Алаа Шилиді жеңді. 

Сонымен қатар 69 келі салмақта жұдырықтасқан біздің Сағадат Рахманқұлов та қоланы қанағат тұтты. Бұл салмақта француз боксшысы Алексис Вестин топ жарды. Дегенмен, бұл салмақта финалға өткен ресейлік Александр Веспутин жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпай, Вестин алтынды шаршы алаңға шықпай-ақ алып кетті. 

75 келіде бақ сынаған Бобыржан Момынов бразилиялық Алваро Санчес Делиманы жеңсе, өкінішке қарай 81 келіде ел намысын қорғаған Арман Рысбек нидерландылық Петер Мюллербергке есе жіберді.

91 келідегі Асқар Абдуллаевқа итальялық Фабио Турчи қарсы тұра алмады. Ең ауыр салмақтағы (+91 келі) Қамшыбек Қоңқабаев бразилиялық Лима Рафаэльді таза жеңіп, әскерилер арасындағы әлем чемпионатына нүкте қойды. 

Сөйтіп Сағадат Нұрмағанбетовты еске алу турнирінде жеті боксшымыз алтыннан алқа тақса, бір былғары қолғап шеберіміз күміс, екеуі қола жүлдегер атанып, жалпы командалық есепте бірінші орынды алдық. Екінші орынды бір алтын және бір қола медаль алған Франция мен Моңғолия құрамалары өзара бөлісіп алса, үшінші орынды Нидерланды құрамасы иеленді.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети