Сурет kfb.kz сайтынан
Ақмола облысында (Щучинск қаласында) бокстан әйелдер арасындағы Х Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Биылғы ел чемпионатына 88 боксшы қыз қатысты. 11 наурызда басталған ел біріншілігінің финалдық жекпе-жектері кеше аяқталды. Енді ел чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады. Ұлттық құрама сапына іліккен боксшы қыздар биыл Оңтүстік Кореяда өтетін Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындалады. Жалпы, ел чемпионатының қорытындысына көз жүгіртер болсақ, қызықты жекпе-жектер мен бокс мамандары елең ете қаларлықтай нәтижелер де тіркелді. Мысалы, 64 келідегі халықаралық дәрежедегі спорт шебері Саида Хасенова финалда ұтылып қалып, тек күміс жүлдегер атанды. Өздеріңіз білесіздер, Саида – Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан, 2010 жылғы Азия чемпионы және 2010 жылғы Азия ойындарының жүлдегері. Сондай-ақ, 81 келі салмақ дәрежесіндегі ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Юлдуз Маматкулова да екінші орынмен шектелді. Ол 2012 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болатын. 60 және 69 келі салмақ дәрежелеріндегі финалдық жекпе-жектерде бір-бірне сай боксшы қыздарымыз айқасты. 75 келідегі Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2010 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2010 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2012 және 2013 жылғы әлем кубогының жеңімпазы Марина Вольнова өз салмағында үстемдік құрды. Жалпы, әйелдер боксындағы ел ішілік бәсекелестік қызу деп, әлі де айта алмаймыз. Деңгейі жоғары боксшыларымыз әлі де соншалықты көп емес. Мысалы, 48 келіден 75 келіге дейінгі сегіз салмақтағы ширек финалдық 32 жекпе-жектің 15-і техникалық нокаутпен аяқталды! 2014 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері. 48 келі 1. Назым Қызайбай (Алматы) 2. Алина Тұрлыбаева (Павлодар) 3. Нұржайнат Елубаева (Шымкент) және Әйгерім Асқарова (Тараз) 51 келі 1. Жайна Шекербекова (Шымкент) 2. Мерджен Ишангулиева (Алматы) 3. Гауһар Бүрбаева (Қостанай) және Ақерке Құсайынова (Алматы) 54 келі 1. Дина Жоламан (Ақмола обл.) 2. Гүлжан Әкімова (Алматы) 3. Аяулым Боранбаева (Астана) және Рано Пархатова (Алматы) 57 келі 1. Жанна Басқаева (Ақтау) 2. Ақерке Наурызбаева (Тараз) 3. Шахноза Исаханова (Қызылорда) және Оксана Королева (Қарағанды) 60 келі 1. Гүлжайна Үбниязова (Атырау) 2. Феруза Шарипова (Тараз) 3. Ақбота Дулатова (Алматы) және Әлия Әбдірайымова (Астана) 64 келі 1. Зарина Цолоева (Ақмола обл.) 2. Саида Хасенова (Алматы) 3. Заура Құсайынова (Павлодар) және Гүлбану Саматова (Қызылорда) 69 келі 1. Дариға Шакімова (Алматы) 2. Гауһар Ермекбай (Алматы обл.) 3. Азиза Үбниязова (Ақтөбе) және Айдана Бақытқызы (Тараз) 75 келі 1. Марина Вольнова (Астана) 2. Анастасия Рылина (Қостанай) 3. Әмина Аманқұл (Алматы) және Ақбота Исағұлова (Қарағанды) 81 келі 1. Мөлдір Базарбаева (Ақмола обл.) 2. Юлдуз Маматкулова (Тараз) 3. Гүлмира Иминова (Алматы) және Ақерке Бақытжан (Атырау) +81 келі 1. Ләззат Күнгейбаева (Астана) 2. Оксана Ухарева (Қарағанды) 3. Әйгерім Кененбай (Шымкент) және Тоғжан Сыздықова (Алматы)
Ақмола облысында (Щучинск қаласында) бокстан әйелдер арасындағы Х Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Биылғы ел чемпионатына 88 боксшы қыз қатысты. 11 наурызда басталған ел біріншілігінің финалдық жекпе-жектері кеше аяқталды.
Енді ел чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады. Ұлттық құрама сапына іліккен боксшы қыздар биыл Оңтүстік Кореяда өтетін Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындалады.
Жалпы, ел чемпионатының қорытындысына көз жүгіртер болсақ, қызықты жекпе-жектер мен бокс мамандары елең ете қаларлықтай нәтижелер де тіркелді. Мысалы, 64 келідегі халықаралық дәрежедегі спорт шебері Саида Хасенова финалда ұтылып қалып, тек күміс жүлдегер атанды. Өздеріңіз білесіздер, Саида – Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан, 2010 жылғы Азия чемпионы және 2010 жылғы Азия ойындарының жүлдегері.
Сондай-ақ, 81 келі салмақ дәрежесіндегі ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Юлдуз Маматкулова да екінші орынмен шектелді. Ол 2012 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болатын.
60 және 69 келі салмақ дәрежелеріндегі финалдық жекпе-жектерде бір-бірне сай боксшы қыздарымыз айқасты. 75 келідегі Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2010 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2010 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2012 және 2013 жылғы әлем кубогының жеңімпазы Марина Вольнова өз салмағында үстемдік құрды.
Жалпы, әйелдер боксындағы ел ішілік бәсекелестік қызу деп, әлі де айта алмаймыз. Деңгейі жоғары боксшыларымыз әлі де соншалықты көп емес. Мысалы, 48 келіден 75 келіге дейінгі сегіз салмақтағы ширек финалдық 32 жекпе-жектің 15-і техникалық нокаутпен аяқталды!
2014 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
48 келі
1. Назым Қызайбай (Алматы)
2. Алина Тұрлыбаева (Павлодар)
3. Нұржайнат Елубаева (Шымкент) және Әйгерім Асқарова (Тараз)
51 келі
1. Жайна Шекербекова (Шымкент)
2. Мерджен Ишангулиева (Алматы)
3. Гауһар Бүрбаева (Қостанай) және Ақерке Құсайынова (Алматы)
54 келі
1. Дина Жоламан (Ақмола обл.)
2. Гүлжан Әкімова (Алматы)
3. Аяулым Боранбаева (Астана) және Рано Пархатова (Алматы)
57 келі
1. Жанна Басқаева (Ақтау)
2. Ақерке Наурызбаева (Тараз)
3. Шахноза Исаханова (Қызылорда) және Оксана Королева (Қарағанды)
60 келі
1. Гүлжайна Үбниязова (Атырау)
2. Феруза Шарипова (Тараз)
3. Ақбота Дулатова (Алматы) және Әлия Әбдірайымова (Астана)
64 келі
1. Зарина Цолоева (Ақмола обл.)
2. Саида Хасенова (Алматы)
3. Заура Құсайынова (Павлодар) және Гүлбану Саматова (Қызылорда)
69 келі
1. Дариға Шакімова (Алматы)
2. Гауһар Ермекбай (Алматы обл.)
3. Азиза Үбниязова (Ақтөбе) және Айдана Бақытқызы (Тараз)
75 келі
1. Марина Вольнова (Астана)
2. Анастасия Рылина (Қостанай)
3. Әмина Аманқұл (Алматы) және Ақбота Исағұлова (Қарағанды)
81 келі
1. Мөлдір Базарбаева (Ақмола обл.)
2. Юлдуз Маматкулова (Тараз)
3. Гүлмира Иминова (Алматы) және Ақерке Бақытжан (Атырау)
+81 келі
1. Ләззат Күнгейбаева (Астана)
2. Оксана Ухарева (Қарағанды)
3. Әйгерім Кененбай (Шымкент) және Тоғжан Сыздықова (Алматы)