Бүгін, 30 наурызда Монғолия астанасы Ұланбатырда Қазақстан құрамасының ең мықты спортшыларының қатысуымен бокстан Азия чемпионаты басталды. Алайда жарыстың алғашқы күні турнирді тек ақылы түрде көруге мүмкіндік болды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Кейінгі жылдары бокстан Азия чемпионаттары ашық арналарда немесе Asian Boxing YouTube-арнасында көрсетілді. Биылғы чемпионаттың басталуын қазақстандықтар ақылы түрде көруге мәжбүр болды.
Asian Boxing сайтында турнирді көру үшін төлем 12 доллар, шамамен 6 мың теңге болды.
Ертеңнен бастап Қазақстанда бокс турнирін тегін көруге болады.
Бокстан Азия чемпионаты: тікелей эфир
Бокстан Азия чемпионатының тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында ертең, 31 наурызда басталады. Кейін бүкіл турнир көрсетіледі.
Жарыс сағат 9:00-ден бастап көрермен назарына ұсынылады. Сонымен қатар, World Boxing ұйымының ережесіне сәйкес, жарыстарды тек телеарнадан көруге болады. Сайттар мен қосымшаларда тікелей эфир болмайды.
Бүгін Қазақстан құрамасының екі өкілі жарыс жолынан шығып қалды — 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жазира Орақбаева алғашқы кездесуінде жарақат алып, жарысты аяқтаса, Элина Базарова 54 келіге дейінгі салмақта Үндістаннан келген Прити есімді спортшыға төрешілер шешімімен есе жіберді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!