Бокстан Азия чемпионы Надежда Рябец әнұран шырқалғанда көз жасына ерік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Азия чемпионы Надежда Рябец әнұран шырқалғанда көз жасына ерік берді Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Азия чемпионатының алтын медалін тапсыру рәсімінде көз жасына ерік берді. Финалда ол Өзбекстан спортшысын жеңді, деп хабарлайды Tengri Sport.


Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Азия чемпионатының алтын медалін тапсыру рәсімінде көз жасына ерік берді. Финалда ол Өзбекстан спортшысын жеңді, деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстандық спортшы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рухшона Парпиеваны жеңіп, төрешілер шешімімен алтын медальді қанжығасына байлады.

Осыған қарамастан, мансабындағы алғашқы алтынға қол жеткізген Надежда финалдық кездесудің оңай болмағанын айтты.

"Жекпе-жек жеңіл өтті деп айта алмаймын. Айтарлықтай қиын болды. Бұған дейін де айтқанымдай, қарсыласты бағаламауға болмайды. Күрделі жекпе-жек. Өзім сәл жеңілірек болады деп ойлаған едім. Бірақ, шамасы, өзім рингке тым босаңсып шыққан сияқтымын. Дегенмен барлық үш раундта да жеңісті бізге бергеніне шүкір, біз ұттық", - деді ол.

Барлық 10 салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектер аяқталғаннан кейін медальдарды тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

Надежда тұғырға көтеріліп, стадионда Қазақстан әнұраны шырқалғанда, көз жасына ерік берді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Аслан Қаженовтің (@kazhenov.aslan) жарияланымы

Бокстан Қазақстан құрамасы қанша медаль жеңіп алды?

Айта кетейік, Надеждадан бөлек бокстан Азия чемпионатының медальдарын тағы төрт спортшы иеленді.

80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова чемпион атанса, 70 келіге дейінгі салмақта Бақыт Сейдіш күміс жүлдені иеленді. Әйгерім Саттыбаева мен Валентина Хальзова қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы медальдар есебінде Үндістаннан кейін екінші орынға ие болды.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Азия чемпионы болған Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті құттықтады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.78   558.43   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети