Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бес боксшы жігіті ширек финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бес боксшы жігіті ширек финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кеше Болгарияның бас қаласындағы әлем чемионатында 1/8 финалының жекпе-жектері өткен болатын. Шаршы алаңға сегіз боксшымыз шығып, бесеуі жеңіске жетті. Екі қызымыздың ширек финалға ертерек шығып алғандарын бұған дейін жазғанбыз.
1/8 финалында жеңіл салмақтағы боксшыларымыз сенім үдесінен шыға білді. Өкінішке қарай, ауыр салмақтардағы алыптарымыз үмітті ақтай алмады. Тіпті техникалық нокаутпен ұтылып қалғандары да бар... Рас, біздің де бір боксшымыз, атап айтқанда, Вадим Казаков өз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Жеңіліске ұшыраған үш боксшымыздың екеуі Хорватия қырандарынан ұтылып қалды. AIBA-ның ресми сайты "жастар арасындағы әлем чемпионатының жетінші күні Қазақстан Хорватияға 0:2 есебімен есе жіберіп алды" деп те жазды.
Өкінішке қарай, "әлем чемпионатында алтын әперуі мүмкін" деп айрықша сенім артып отырған тағы бір боксшымыз хорват қыранынан аса алмады. 69 келі салмақ дәрежесіндегі Рахат Маржықпаев алтын тұрмақ жүлдеге де жетпей сүрінді. Негізі, ол жасөспрімідер арасындағы әлем чемпионы болатын...
Жастар арасындағы Азия чемпионы Темірлан Қабиев те (91 келі) Хорватия үмітінен аса алмады...
Жастар арасындағы әлем чемпионаты.
Қазақстан боксшылары жекпе-жектерінің нәтижелері
1/8 финалы
49 келі: Шалқар Айқынбай – Джонатан Лопес (Пуэрто-Рико) - 3:0
56 келі: Сұлтан Зауырбек – Айтал Дьяконов (Ресей) – 3:0
60 келі: Абылайхан Жүсіпов – Дорин Букша (Молдова) – 2:1
69 келі: Рахат Маржықпаев – Пртенжак Лука (Хорватия) – 1:2
75 келі: Бекжан Бәкіров – Шамиль Алиев (Әзербайжан) – 2:1
81 келі: Вадим Казаков – Ибрагим Гулиев (Әзірбайжан) – ТКО R3
91 келі: Темірлан Қабиев – Тони Фелипи – 1:2
+91 келі: Елдос Қадырбаев – Дарамни Рок (АҚШ) – ТКО R2