Бүгін жастар арасында бокстан Болгарияда әлем чемпионаты басталады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін жастар арасында бокстан Болгарияда әлем чемпионаты басталады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі жылда бір рет өтетін жаһандық бәсекенің алғашқы кездесулері Астана уақытымен 18:00-де басталады. Бұйырса, ел намысын қорғайтын 52 келі салмақ дәрежесіндегі Оразхан Ергеш бүгін алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Әлем чемпионатында 10 салмақ бойынша Қазақстан намысын төмендігі боксшылар қорғайды және олармен бірге 3 салмақ дәрежесінде бұрымды боксшылар бар.
1.Айхынбай Шалқар (49 кг),
2.Ергеш Оразхан (52 кг),
3. Заурбек Сұлтан (56 кг),
4. Жүсіпов Абылайхан (60 кг),
5. Қалибеков Аян (64 кг),
6. Мәржықпаев Рахат (69 кг),
7. Бакіров Бекжан (75 кг),
8. Казаков Вадим (81 кг),
9. Қабиев Темірлан (91 кг),
10. Қадырбаев Елдос (+91 кг),
11. Балқыбекова Алуа (51 кг),
12. Ищанова Назым (60 кг),
13. Хальзова Валентина (75 кг).
Төрткүл дүние көз тікке бәсекеде 90 мемлекеттің 522 боксшысы сынға түседі. Біріншілік кездесулері Халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) ережесіне сәйкес өтіп, ерлер 3 минуттан тұратын 3 раунд бойы бокстасса, қыздар жағы 2 минуттан тұратын 4 раунд бойы жұдырық сілтеседі. Әлем чемпионатында тартылған жеребелер туралы федерацияның www.kfb.kz сайтында толық мағлұмат берілген.