Бокстан Қазақстан чемпионатында жас спортшы сенсация жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Қазақстан чемпионатында жас спортшы сенсация жасады 18 жастағы Даниял Сәбит (сол жақтағы)

Бокстан 49 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатының финалында сенсация болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан 49 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатының финалында сенсация болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 29 қарашада Шымкентте ұлттық турнир аяқталды. Оған аса жеңіл салмақта ең жас спортшы болып 18 жастағы Даниал Сәбит қатысқан. Ол жасына қарамастан турнирдің финалына дейін жеткен. Ақтық жекпе-жекте 5:0 есебімен, кезінде WSB (2015) және Азия (2013) чемпионы болған 32 жастағы Теміртас Жүсіповті жеңген.

Басқа салмақ дәрежелері бойынша мына спортшылар жеңді:

52 келіге дейінгі салмақта 19 жастағы Махмуд Сабырхан;
57 келіге дейінгі салмақта Серік Теміржанов;
60 келіге дейінгі салмақта Саматәли Төлтаев;
63 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллинов;
69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов;
75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл;
81 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов;
91 келіге дейінгі салмақта Айбек Оралбай;
91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қоңқабаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети