Бокстан Президент кубогының жеңімпаздары 4000 доллар алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Президент кубогының жеңімпаздары 4000 доллар алады Фото kfb.kz сайтынан

Бокстан Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" IV халықаралық турнирінің жүлде қоры өте қомақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" IV халықаралық турнирінің жүлде қоры өте қомақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" IV халықаралық турнирі басталмай тұрып БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиыны өтті.

Оған "ҚР Президенті кубогының" супервайзері Валерий Рачков, бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахманов, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов және Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк қатысты.

Баспасөз жиыны барысында ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахманов "Президент кубогында" жеңімпаз атанған әр салмақтағы боксшыға сыйақы ретінде 4 000 АҚШ доллары  табыс етілетіндігін мәлімдеді.

Ал жеңімпаз атанған әр боксшының бапкері 2000 долларды жан қалтасына басады. "Президент кубогында" екінші орынға ие болған боксшылар 2000 доллардан, ал үшінші орынды еншілегендер 1000 доллардан сыйақы алады.

Жалпы, бұған дейінгі "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" халықаралық турнирінде біздің боксшылар үстемдік танытып, негізінен өз жігіттеріміз топ жарып келген.

Мысалы, 2006 жылы Қазақстан боксшылары осы турнирден сегіз алтын алса, 2010 жылы алты алтынды өз елімізде алып қалған. Ал 2012 жылы жеті алтынға қол жеткізген болатын.

Бірақ биыл Қазақстан боксшыларына топ жару әсте оңай болмайтын шығар. Өйткені төртінші турнирімізге небір ығай мен сығайлар келіпті.

Бұл тұрғыда Олимпиада чемпионы Робейси Рамирезді (Куба), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ариснодиус Диспэйнді (Куба), Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Цуцгот Нуямбаярды (Моңғолия), әлем чемпионы Джавид Челебиевті (Әзірбайжан), Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері Теймур Маммадовты (Әзірбайжан) және әлем чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері Жасурбек Латиповты (Өзбекстан) атап өткеніміз жөн болар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети