Брук те дәл мендей Головкинмен ұзақ уақыт жұдырықтасуға шыдай алмайды - Мюррей

ПОДЕЛИТЬСЯ

Брук те дәл мендей Головкинмен ұзақ уақыт жұдырықтасуға шыдай алмайды - Мюррей Геннадий Головкин мен Келл Брук © REUTERS

Ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей Келл Бруктың қазақстандық Геннадий Головкинмен ең көп дегенде алты раунд өткізе алатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей Келл Бруктың қазақстандық Геннадий Головкинмен ең көп дегенде алты раунд өткізе алатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Келл үшін бұл үлкен қадам. Головкиннің деңгейі басқа. Келл мен сияқты ұзақ уақыт жұдырықтаса алады деп ойламаймын. Менің ойымша, бұл жекпе-жек бес раундқа созылады. Ең көп дегенде алты раунд. Мен Головкинмен бір рингте жұдырықтасудың қандай екенін білемін. Головкинның деңгейі басқа, тіпті "Канелоның" өзі де Головкинге жақындай алмады", - деп мәлімдеді Мюррей.

Айта кетейік, Мюррей Головкинмен 2015 жылдың ақпан айында Монакода кездескен болатын. Ол кезде жекпе-жек 11-ші раундта тоқтатылған еді.

Еске салайық, Головкинның барлық титулы тігілетін жекпе-жекті KazSport және "Қазақстан" телеарналары таратады. Астана уақытымен сағат 23.00-де көрсетіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети