Ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей Келл Бруктың қазақстандық Геннадий Головкинмен ең көп дегенде алты раунд өткізе алатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей Келл Бруктың қазақстандық Геннадий Головкинмен ең көп дегенде алты раунд өткізе алатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Келл үшін бұл үлкен қадам. Головкиннің деңгейі басқа. Келл мен сияқты ұзақ уақыт жұдырықтаса алады деп ойламаймын. Менің ойымша, бұл жекпе-жек бес раундқа созылады. Ең көп дегенде алты раунд. Мен Головкинмен бір рингте жұдырықтасудың қандай екенін білемін. Головкинның деңгейі басқа, тіпті "Канелоның" өзі де Головкинге жақындай алмады", - деп мәлімдеді Мюррей.
Айта кетейік, Мюррей Головкинмен 2015 жылдың ақпан айында Монакода кездескен болатын. Ол кезде жекпе-жек 11-ші раундта тоқтатылған еді.
Еске салайық, Головкинның барлық титулы тігілетін жекпе-жекті KazSport және "Қазақстан" телеарналары таратады. Астана уақытымен сағат 23.00-де көрсетіледі.