Бруктен Головкин сияқты сонша соққы алған болсам, мені бокстан қуып жіберер еді - Андре Уорд

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бруктен Головкин сияқты сонша соққы алған болсам, мені бокстан қуып жіберер еді - Андре Уорд © vesti.kz

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинды тағы да сынның астына алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинды тағы да сынның астына алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, Головкинның әрдайым жолы болып кетеді. Уордтың ойынша, егер ол өзіне екі салмақ дәрежесіндегі төмен боксшымен кездесетін болса, БАҚ оны сынның астына алып мазақ етер еді. Еске салайық, 10 қыркүйек күні Головкин ұлыбританиялық боксшыны Лондон қаласында мерзімінен бұрын техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

"Шын мәнінде Головкинның әрдайым жолы болып кетеді. Сіздер мені, өзімнен екі салмақ дәрежеде төмен боксшыдан сонша соққы алып жатқанымды елестете аласыздар ма? Мені бокстан қуып жіберер еді. Біз нағыз екіжүзділікті көріп отырмыз. Біз барлығымыз тыныш қана отырып, ары қарай жүре беруді жөн көреміз. Мен онымен шыққым келген, алайда кездесу іске аспады. Біраз уақыт өтті, жекпе-жек өткізуге талпындық тағы болмады. Бұл арнайы менен "Канеломен" және Головкинмен жұдырықтасуымды сұрап жүрген жанкүйерлер үшін, сіздер Головкинның менімен жұдырықтасуын талап етіңіздер", - деп келтіреді BoxingScene.com Уордтың сөзін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети