16 ақпан 2017 | 11:28

Бұл да ерекше жігіт, әлем чемпионы болады - Рой Джонс Қанат Ислам жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Аты аңызға айналған боксшы Рой Джонс қазақстандық Қанат Исламды ерекше боксшы деп атап, болашағы жарқын болады деген болжам айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Иконка комментария блок соц сети

Аты аңызға айналған боксшы Рой Джонс қазақстандық Қанат Исламды ерекше боксшы деп атап, болашағы жарқын болады деген болжам айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Боксшылар алдағы жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатында жолығып қалды. Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Ал бұл кештің басты жекпе-жегіне Рой Джонстың өзі шығады.

"Бұл да ерекше жігіт, әлем чемпионы болады", - деді Джонс. Ал қазақстандық боксшы өз кезегінде атақты америкалықты Астанаға шақырды.

"Сізді бүгін осы жерден көргеніме қуаныштымын, нағыз чемпион Рой Джонсты. Мен WBA тұжырымы бойынша төртіншімін, WBO бойынша бесінші, Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімін. Мен үлкен жекпе-жекке дайынмын, қарқынды дайындалып жүрмін. Мені отбасым, командам - менеджер, бапкер мен промоутерім қолдап отыр. Мен бақыттымын. Мен осы жекпе-жекке дайынмын. Ертең кешке жолығамыз", - деді Ислам баспасөз мәслихатында. 

Еске салайық, 17 ақпанда Қанат Ислам бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесуде WBO Intercontinental және WBA Federatin атақтары АҚШ-тың Уилмингтон қаласында сарапқа салынады. Жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрестіледі. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 ақпан таңғысын болады. Осыған байланысты трансляция 07:55-те басталады.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде 48 жастағы атақты боксшы кіші Рой Джонс 46 жастағы Бобби Ганнмен жұдырықтасады. Жеңімпаз WBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді тағады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети