Қазақстандық промоутер Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бүгін шыққан мәліметке қатысты, яғни Головкин - Альварес жекпе-жегінің сатылған билеттері кері қайтарылып жатқаны туралы өз пікірін білдірді.
Қазақстандық промоутер Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бүгін шыққан мәліметке қатысты, яғни Головкин - Альварес жекпе-жегінің сатылған билеттері кері қайтарылып жатқаны туралы өз пікірін білдірді.
Бүгін, 29 наурызда Fightnights.com басылымы қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек билеттерінің кері қайтарыла бастағанын хабарлады.
"Бұл әлемдік деңгейдегі дау-дамай. Головкин дұрыс айтты. Бұл шынымен де барып тұрған бассыздық. 10 сәуірде антидопингтік комиссияның шешімін білетін боламыз. Осыдан кейін бірдеме айтуға болады. Ал егер билеттерді қайтарып жатса, онда барлығы да белгілі ғой. Негізі бұл "Канелоның" командасының кінәсі. Невада комиссиясы дұрыс шешім шығарады дегенге сенемін. Альвареске қандай санкция қолданылатынын және 5 мамырда жекпе-жек өткізілетін не болмайтынын білмеймін. Егер жекпе-жек кейінге қалдырылса, онда Головкиннің Билли Джо Сондерспен 5 мамырда шаршы алаңға шыққанын көргім келеді. Әрине ол келісімін берсе, бұл тиімді алмасу болар еді", - деді Манкенов.
Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.
Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген болатын.