IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, канадалық Давид Лемье 17 қазанда WBA (Super), IBO және WBC (Interim) версиялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңуге жоспар құрып отыр, - деп хабарлайды Boxingscene.com.
IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, канадалық Давид Лемье 17 қазанда WBA (Super), IBO және WBC (Interim) версиялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңуге жоспар құрып отыр, - деп хабарлайды Boxingscene.com.
"Мен ең үздік боксшылармен жұдырықтасқым келеді және Головкин ең үздігі", - дейді Лемье. - Қазір ол мансап жолының шыңында. Мен оны осы кезде жеңемін. Нокауттарым да, күшім де көп. Бұл жігіт үнемі алға қарай жүреді, сондықтан оны рингте қууға мәжбүр болмаймын. Бұл нағыз соғыс болады".
Сонымен қатар, Лемьенің айтуынша, ол қазақстандық боксшының әлсіз және ұтымды жақтарын біледі. "Головкиннің қарсыластарын кездесуге дейін моральдық тұрғыда, психологиялық түрде қысымға алатын әдеті бар. Бірақ менің күшім бар және кіммен жекпе-жекке шығатынымды білемін. Рингке Головкинмен жұдырықтасу үшін ғана емес, оны жеңу үшін шығамын", - деп мәлімдеді ол.
Мұнымен бірге, Лемьенің менеджері Камиль Эстефан да өз пікірін білдірді. "Лемьенің оны жеңетініне сенімді болмасақ бұл кездесуге шығуға келіспес едік. Қиын болатынын білеміз, алайда бізді нағыз шайқас күтіп тұр. Адамдар мұны жыл жекпе-жегі болады дейді, сеніміміз мол", - деді ол.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.