Бұл өте ауыр 12 раунд болады - Сондерс GGG-дің келесі жекпе-жегі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл өте ауыр 12 раунд болады - Сондерс GGG-дің келесі жекпе-жегі жайлы © DAZN

Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) Boxing Social порталына берген сұхбатында IBF титулы сарапқа салынатын қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегі жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Бұл сөзсіз Головкиннің кездесуі. Бірақ бұл өте ауыр 12 раунд болады, ол Головкиннің денсаулығының, өмірлік батареясының бір бөлігін алып қояды", - деді Сондерс. 

Естеріңізге салсақ, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Головкин - Деревянченко жекпе-жегін тағайындаған болатын. Екі тараптың келіссөз жүргізуіне 30 күн берілген. Сол уақыт ішінде келісе алмаса, промоутерлік сауда-саттық өтеді. 

Бұған дейін Головкин орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектің барлық талабына келіскені хабарланған. 

Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтуі мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети