24 қазан 2017 17:14

Бұрынғы абсолют чемпион "Канелоны" Головкинмен тең түскені үшін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Супер ауыр салмақта бұрынғы абсолют чемпион Бастер Дуглас мексикалық Сауль "Канело" Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) ойланбастан жеңетініне сенеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алайда Дуглас мексикалықтың 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте барын салмағанын айтады. 

"Сен чемпионға ұсыныс тастағанда, сен оны жығуың керек. Альварестің барлық әрекеті жақсы шықты, бірақ бұл аздық етті. Чемпионды жеңу қажет, сол себепті бір қалыпты жұдырықтасуға болмайды. Менің ойымша, осының әсерінен тең болды. Оның секунданттары шаршы алаңның сыртында тұрып ысқырып жатты... Олар оның жеңіс үшін барғанын біледі. Сен чемпиондыққа талас үшін барғаныңда өз жұмысыңды толығымен аяқтауың керек", - деді Дуглас BoxingScene порталына берген сұхбатында. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети