Ресейлік промоутер Альваресті допинг үшін мазақ етті, деп хабарлады Vesti.kz.
Ресейлік промоутер Альваресті допинг үшін мазақ етті, деп хабарлады Vesti.kz.
Қазақстанда дүниеге келген ресейлік промоутер Владимир Хрюнов "Спорт-Экспресс" басылымына сұхбат беріп, сөз арасында Головкин мен Альварестің реваншы туралы айтты.
"Головкин жеңген болатын, одан кейін болғанның барлығы - мексикалық заңнаманың қыр-сыры ғой, оны мал шаруашылығында қолдануға болады екен, ал ол нәрсе Альварестен табылыпты. Біздің Қазақстанда ондай жоқ. Біздің деймін, себебі мен де Қазақстанда өмірге келдім. Альвареске жай ғана мойындау керек еді - иә, қабылдадым деп", - деді Хрюнов.
Биыл ақпанда мексикалық боксшы допинг сынамасын тапсырып, екі рет оның қан құрамынан кленбутерол препараты табылған еді. Оның командасы бұзылған еттің себебінен осындай жағдайға душар болдық деп ақталды. Альварес 5 мамырға белгіленген жекпе-жектен бас тартып, бокстан алты айға шеттелді.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Осыдан бір жыл бұрын қос боксшы осы аренада кездесіп, өзара мықтыны анықтай алмаған еді.