Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) Лос-Анджелесте өтіп жатқан ашық жаттығу кезінде 16 қыркүйекте WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) өтетін жекпе-жектен не күтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Головкиннің мықты боксшы екенін білемін. Ол менің мансап жолымдағы ең қауіпті қарсылас, бірақ мен оған дайынмын және одан кейін не болатынына да дайынмын. Тангоға екі адам керек қой, сол сияқты боксқа қа екі адам қажет. Мен дайынмын және ол менің мүмкіндіктерімді біледі", - деді мексикалық боксшы.
Сондай-ақ, Альварес кездесудің жақындап қалғанын, сондықтан да бір жағынан уайымдап, бір жағынан қуанып жатқанын айтады.
"Әдеттегідей жаттығуларды өткізіп жатырмын. Рингте Геннадийден бір қадам алға болу үшін маған қажеттінің барлығын істеймін. Біздің 16 қыркүйектегі кездесуіміз бокс тарихындағы ұлы жекпе-жектердің бірі болатынына күмәнім жоқ", - деп келтіреді Альварестің сөзін Boxingnews24.com басылымы.
Айта кетейік, бокс кеші 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша, бокс кеші 17 қыркүйекте, яғни жексенбіде өтеді.
Ал АҚШ-та Головкин - Альварес жекпе-жегін HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. Бір теледидардан көру құны - 75 доллар. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.
Жекпе-жекті Қазақстанда тікелей эфирде Qazaqstan және QazSport (бұрынғы"Қазақстан" және KazSport) телеарналары көрсететін болады.