Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффер америкалық боксшы Питер Куиллин WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атақтан бас тартқан соң, оның шәкіртімен кездесу ұйымдастыру маңызды болмай қалғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин мен Питер Куиллин чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады деген хабар тараған еді.

"Біз бұл чемпиондық атақты біріктіретін жекпе-жекті ұйымдастыру үшін көптеген кедергілерге тап болдық. Куиллиннің командасына бірнеше рет ұсыныс тастадық, бірақ бірде-бір рет жауап алмадық. Ол жекпе-жектің басты мақсаты чемпиондық атақ еді, енді чемпиондық атақсыз кездесуді ұйымдастыру маңызды емес", - дейді Леффер. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Еске салайық, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің келесі кездесуін 18 қазанда WBС тұжырымының уақытша чемпионы, мексикалық былғары қолғап шебері Марко Антонио Рубиоға қарсы өткізеді. Жекпе-жек Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді, ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Бұл жекпе-жекте екі боксшы орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады. Ал кездесудің жеңімпазы WBC тұжырымының толыққанды чемпионы Мигель Коттомен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады. Букмекерлік кеңселердің болжамы бойынша, жекпе-жектің анық фавориті - Геннадий Головкин. Оның жеңісіне 1.02, ал мексикалық былғары қолғап шеберінің жеңісіне 20 коэффициент беріп отыр. Кездесу тең аяқталады дегенге - 50. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.