"Дайын болыңыздар". Промоутер Головкиннің келесі қарсыласы жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Дайын болыңыздар". Промоутер Головкиннің келесі қарсыласы жайлы айтты © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері британиялық Эдди Хирн IFL TV порталына берген сұхбатында қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері британиялық Эдди Хирн IFL TV порталына берген сұхбатында қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сергей Деревянченкомен реванш өткізудің қажеті жоқ. Геннадий жұрт көргісі келетін жекпе-жектерге қатысуды қалайды. Залда Деметриус Андраде отырды. Билли Джо Сондерс, Каллум Смит бар, олар да өз кезегін күтеді. Халық Деревянченкомен реваншты көргісі келсе де, Головкиннің қалайтыны - "Канеломен" жекпе-жек. Үшінші жекпе-жек алғашқы екеуі секілді жақсы өтеді. Бұл кездесуге дайын болыңыздар, жақындап қалды", - деді Хирн. 

Айта кетейік, Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте Деревянченконы ұпай санымен жеңген болатын. Жекпе-жектен кейін украиналық боксшы реванш сұраған, GGG оған келісімін берген еді. 

Ал "Канеломен" Головкин Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан - 2017 жылы қыркүйекте өткен алғашқы кездесу тең аяқталса, бір жылдан соң мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети