Данияр Елеусінов "бір миллиард долларлық жобада" өз үлесін алуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов "бір миллиард долларлық жобада" өз үлесін алуы мүмкін

Танымал WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың никарагуалық Маркос Мохикаға қарсы өткізген жекпе-жегі туралы пікір білдірді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың никарагуалық Маркос Мохикаға қарсы өткізген жекпе-жегі туралы пікір білдірді. 

"Елеусінов өзін жақсы көрсете білді, оның жекпе-жектері тартысты, ол кәсіпқой боксты түсіне бастады. Ол енді көрермен үшін жұмыс істей бастады. Matchroom боксшысы ретінде, ол  DAZN ұйымымен байланысады. Промоутер Эдди Хирн оны әлем чемпионы ретінде көргісі келетіні сөзсіз. Менің ойымша, келесі жылы жазда ол өзінің титулдық кездесуін алып, DAZN ұйымымен келісімшартқа отырады", - дейді маман. 

Айта кетейік, Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін Монакода өткізіп, үшінші раундта жеңіске жеткен еді. Кездесу барысында ол қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірген. Нәтижесінде қазақстандық боксшының қарсыласына техникалық нокаут жазылды. 

Осы жеңісінен кейін қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 234-орыннан 184-орынға көтерілді. 

Matchroom промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн DAZN компаниясымен бір миллиард долларға сегіз жылдық келісімшарт жасасты. Оның шарты бойынша промоутерлік компания жылына 32 бокс кешін ұйымдастыруы керек. 

Таяуда DAZN компаниясы мексикалық боксшы Сауль Альвареспен рекордтық сомаға (365 миллион доллар) келісімшарт жасаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети