Данияр Елеусіновтің бапкері оны дарынды боксшы деп атады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусіновтің бапкері оны дарынды боксшы деп атады © Matchroom Boxing

Қазақстандық Данияр Елеусіновтің жаңа бапкері Кори Спинкс шәкіртін талантты боксшы деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Данияр Елеусіновтің жаңа бапкері Кори Спинкс шәкіртін талантты боксшы деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

"Данияр маған тыңдай алатынын көрсетті. Ол әлі де бокстан шеберлігін жетілдіріп жүр. Даниярмен жұмыс істеуім үшін бір ай ғана уақыт болды. Оны әуесқой стильден арылтып, қауіпті соққылар жасауды үйретуге тырысамын. Ол өте талантты жігіт. Мен жай ғана оның өз қабілетін қалай пайдаланатынын көргім келеді", - деп жазады The Ring тілшісі Кори Спинкстің сөзін келтіріп. 

Еске салсақ, Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортисті жеңді. Жекпе-жек Филадельфиядағы (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center аренасындағы бокс кешінде болды. 

Жартылай орташа салмақтағы Елеусінов-Ортис жекпе-жегі барлық сегіз раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан 79-70, 79-71 және 79-71 көрсеткішімен қазақстандыққа берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети