Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін қайдан көруге болады? © Matchroom Boxing

26 мамырда сағат 06.00-де "Хабар" арнасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) пен мексикалық боксшы Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) арасындағы жекпе-жекті көрсетеді. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуі

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 мамырда сағат 06.00-де "Хабар" арнасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) пен мексикалық боксшы Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) арасындағы жекпе-жекті көрсетеді. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуі

Кездесу Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтеді. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов 8 маусымда Геннадий Головкинмен бір кеште жұдырықтасады деп жоспарланған болатын. Онда жерлесіміз алғаш рет он раундтық жұдырықтасуда өнер көрсету керек еді, алайда кездесу болмайтын болды.  

"Геннадий Головкиннің андеркатында кездесу болмайтындықтан, тез арада мамыр айында өтетін жұдырықтасуды таптық. Бұл да жоғары деңгейлі бокс кеші болады, Даниярдан жеңіс күтеміз", - деді Данияр Елеусіновтың менеджері Зия Алиев. 

Данияр Елеусінов - 28 жастағы қазақстандық боксшы, кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың 28 сәуірі күні Нью-Йорк қаласында өтті. Кездесуде боксшы америкалық Ноа Киддты үшінші раундта нокаутқа жіберді. Соңғы жекпе-жегінде  36 жасар мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) кездесіп, сегіз раунд айқасты. Нәтижесінде Елеусінов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңімпаз атанды (79-70, 79-71, 79-71).

Мигель Де Хесус Замудио Алонсо - 27 жасар мексикалық боксшы, өзінің кәсіпқой бокстағы мансабын 17 жасында бастаған. Қазіргі таңда 56 кездесу өткізіп, 43 рет жеңген, 12 кездесу тең және жеңіліспен аяқталған. 27 кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған. Замудионың бір қарсыласы Өзбекстандық Шахрам Гиясов  (8-0, 6 КО) (Елеусіновтың олмипиада ойындарындағы қарсыласы) болған. Мексикалық боксшы алты раундтық кездесудің алғашқы үш минутында техникалық нокаутпен жеңілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети