Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леаомен жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леаомен жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

12-раундтан тұратын жекпе-жек 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді. Олар орта салмақтағы IBO бойынша әлем чемпионатының бос белбеуіне таласады.

Елеусінов пен Леао арасындағы жекпе-жек шоудың басты оқиғасы болады. Оны "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстандықтың салмағы 66,4 келі, ал аргентиналықтың салмағы 66,5 келі болды.

Еске салайық, бастапқыда Елеусіновтің қарсыласы 33 жастағы мексикалық Данте Хардон (34-7, 25 КО) болуы керек еді, бірақ ол жарақат салдарынан қатыса алмады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course up  574.22  course up  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети