Данияр Елеусінов ІBF топ-10 рейтингіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов ІBF топ-10 рейтингіне енді Фото: fightnews.info

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) соңғы жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін IBF рейтингінің үздік ондығына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) соңғы жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін IBF рейтингінің үздік ондығына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Данияр Елеусінов рейтингте жартылай орта салмақ (66,68 кмлограмға дейін) дәрежесі бойынша тоғызыншы болып көтерілді. Дивизион чемпионы америкалық кіші Эролл Спенс, ал бірінші орында Өзбекстан боксшысы Кудратилло Абдукахоров тұр.

Айта кетейік, Елеусінов соңғы жекпе-жегін Голливудта (АҚШ, Флорида штаты) 28 қарашада Дэниэл Джейкобс - Габриэль Росадо бокс кешінің андеркартында өткізді. Қазақстандық боксшы екінші раундта бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны (23-4, 12 КО) нокаутпен жеңді. Сол кезде жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша IBF Intercontinental бос белбеуін алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети