Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа өткеннен кейін шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Ол әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы америкалық Теренс Кроуфордтың қазақстандық боксшының "талқанын шығарамын" дегеніне жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Негізінде бұл ұсыныс мен үшін маңызды әрі толғандыратынын айтуға болады, Теренс Кроуфорд - әлемдегі ең танымал есімдердің бірі. Болашақта кездесуіміз мүмкін. Сол кезде біздің жекпе-жектің қалай өрбитінін тамашалай аласыздар", - деді Елеусінов.
Айта кетейік, 6 наурызда Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа өтетіні туралы келісімшартқа қол қойды. Оның промоутері - ұлыбританиялық Эдди Хирн. Matchroom Boxing компаниясының басшысы Энтони Джошуа, Келл Брук, Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан және Дэниэл Джейкобс секілді боксшылармен жұмыс істесіп келеді.
Хирнмен жасалған келісімшартқа сәйкес Елеусінов бірінші жылы шамамен жеті жекпе-жек өткізеді. Оның бірінші жекпе-жегі 28 сәуірде шығады. Ол кештің басты жекпе-жегінде Джейкобс өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге анықталған жоқ.