Әуесқой бокста Данияр Елеусінов 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан болатын. Ал кәсіпқой рингте ол салмақ дәрежесін төмендетпекші. Боксшының әкесі әрі бапкері Марат Елеусінов қазақстандықтың 66 келі салмаққа өтетінін айтты. Бұл оның жартылай орта салмақта өнер көрсететінін білдіреді. Vesti.kz Елеусінов кездесе алатын үздік боксшылардың тізімін құрды.
Әуесқой бокста Данияр Елеусінов 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан болатын. Ал кәсіпқой рингте ол салмақ дәрежесін төмендетпекші. Боксшының әкесі әрі бапкері Марат Елеусінов қазақстандықтың 66 келі салмаққа өтетінін айтты. Бұл оның жартылай орта салмақта өнер көрсететінін білдіреді. Vesti.kz Елеусінов кездесе алатын үздік боксшылардың тізімін құрды.
"Әуесқой бокстағы барлық атаққа ие болған Данияр алға үлкен мақсаттар қойған болуы керек. Сондықтан кәсіпқой бокста жетістікке жетуі үшін оның дұрыс жоспарлар құруы маңызды", - деп жазады басылым.
Сондай-ақ, Елеусіновтің промоутері мен жетекшісі спортшыға атақ-абырой әкелетін жекпе-жектер ұйымдастыруы қажет екендігі айтылып отыр. Олимпиада кезінде оған Мейвезер көз салғанын ескерсек, Данияр бокс әлемінде біршама белгілі екенін дәлелдеудің қажеті жоқ.
"Кәсіпқой бокста оған ең тиімді жол - украиналық Василий Ломаченконың ізін басу. Ол әлем чемпионы болу үшін үш жекпе-жек қана өткізді. Елеусіновтің командасына осы секілді әрекет ету керек. Бастысы дұрыс қарсылас таңдау. Бұдан өзге жеңілдеу жолы да бар - үшінші деңгейлі боксшылармен жұдырықтасып, ұпай жинау. Бұл үшін аса терлеп-тепшудің қажеті жоқ. Бірақ, Елеусіновтің мақсаты зор екеніне және ол үздіктермен жұдырықтасуға ұмтылатынына үміттенеміз", - дейді басылым тілшісі.
Ал жартылай орта салмақта мықтылар көп деген тілшілері алдымен чемпиондарды атап өтіпті:
WBC. Мұнда америкалық Дэнни Гарсия әлі жеңіліс көрмеді. 28 жастағы боксшы 32 кездесу өткізді. Бәрін де жеңіспен, ал 18 кездесуді нокаутпен аяқтады. Тағы Әмір Хан, Тимоти Брэдли, Эрл Спенс, Джесси Варгас, Чарльз Маньючи бар.
WBA. Мұнда жеңіліс көрмеген Кит Турман чемпион болып тұр. 28 жекпе-жектің біреуі ғана өтпеді деп саналады, 27 кездесуінде жеңіске жеткен. 22 жекпе-жек нокаутпен аяқталған. Одан кейін Давид Аванесян, Тева Кирам, Ламонт Питерсон, Керман Лехаррага, Хосе Бенавидес бар.
IBF. Мұнда қазақстандықтарға таныс ұлыбританиялық Келл Брук чемпион белбеуіне ие. Ол Головкиннен ғана жеңілген. Тағы да Эррол Спенс, Джефф Хорн, Андре Берто, Брэдли Скит, Константин Пономарев қарсылас бола алады.
WBO. Бұл ұйымның чемпионын таныстырып та қажеті жоқ. "Пакмэн" аталып кеткен Мэнни Пакьяо. Данияр үшін филиппин боксшысымен жұдырықтасу ең ұтымды жекпе-жек болар еді. Пакьяоның жерлесіміз ол дәрежеге көтерілмей тұрып, бокстан кетіп қалмауы басты мәселе. Пакьяодан кейін Тимоти Брэдли, Джефф Хорн, Джесси Варгас, Эррол Спенс, Брэдли Скит тұр.
Бұл аталған боксшылармен ғана жекпе-жек өткізу керек деген сөз емес екенін атап өткен тілшілер Даниярға бастапқыда бейімделіп алу керек екенін айтады. "Біз тек Елеусінов чемпиондық атақ үшін кездесуі мүмкін боксшыларды атадық. Тағы да қайталайық, бастысы - атақ әперетін тиімді стратегия құру", - деп кеңес беріп отыр Vesti.kz тілшісі.