Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзінің кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін Қытайда өткізеді. Бұл туралы MJA Entertainment's промоутерлік компаниясының басшысы Майк Алтамура Fighnews.com сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзінің кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін Қытайда өткізеді. Бұл туралы MJA Entertainment's промоутерлік компаниясының басшысы Майк Алтамура Fighnews.com сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Бірінші кездесу мамыр айында Қытайда өтуі мүмкін. Ақпанда Елеусінов ресми түрде келісімшартқа қол қояды. Оның промоутері қазақстандық боксшыны екі жылда чемпион етпекші.
"Біздің жоспарымыз бойынша, ол екінші не үшінші жекпе-жегінде өңірлік белбеу үшін жұдырықтасатын болады, ал екі жылда әлем чемпионы болады, - дейді Алтамура. - Мұндай дарын иелерін ұстап отырудың қажеті жоқ, бірден кірісу керек. Промоутер ретінде мен оған қажетті қадамдар жасауға және аз уақытта кәсіпқой боксқа бейімделуге мүмкіндік беремін. Мен оның 18 айда кәсіпқой бокста толығымен бейімделіп кететініне сенімдімін, ал екі жылдан соң әлем чемпионы титулын жеңіп алады дегенге сенемін".
Кәсіпқой бокста Елеусінов жартылай орта салмақта өнер көрсетеді (66 келіге дейін). Осы салмақта ең басты қарсыластар тізімі жарияланған мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.
Даниярдың ағасы - 31 жастағы Дәурен Елеусінов - әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионы болған, 2014 жылы ол кәсіпқой боксқа ауысқан. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та алты кездесу өткізіп бесеуінде жеңген (төртеуі - нокаут), тағы бір кездесу тең аяқталған. Марат Елеусіновтың айтуынша, Дәурен промоутерін ауыстырып кіші інісі өнер көрсететін компанияның атынан шығады.