IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, 26 жастағы канадалық Давид Лемье тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.
IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, 26 жастағы канадалық Давид Лемье тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.
Головкин алдағы бойдың фавориті саналып отыр, алайда Лемье бұл жекпе-жекте жеңімпаз болатынын тағы бір мәрте айтып, уәде берді. "Айттым ғой, кімге қарсы шығатыныма байланысты емес, - деді Лемье. - Мен үздіктермен жұдырықтасқым келеді және Геннадий Головкин орта салмақта үздік. Геннадий Головкин бокстағы ең қауіпті адам шығар, бірақ 17 қазанда бәрі сескенетін жаңа жекпе-жекші пайда болады. Екі күшті панчер рингке шығады, қан, отшашу болады және мен жеңімпаз болатыныма сенімдімін".
Ал осының алдында канадалық боксшы қазақстандықды сегізінші раундта нокаутқа түсіретінін мәлімдеген болатын. "Мен GGG-ді сегізінші раундта нокаутқа жіберемін. Бұл туралы бәріне айтуларыңызға болады. Мен бокс тарихына өз атымды енгізгім келеді, мені бүкіл әлем білгенін қалаймын", - деді Лемье.
Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.