Давид Лемье: 17 қазанда бәрі сескенетін жаңа боксшы пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Давид Лемье: 17 қазанда бәрі сескенетін жаңа боксшы пайда болады © vk.com/ggolovkin

IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, 26 жастағы канадалық Давид Лемье тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, 26 жастағы канадалық Давид Лемье тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

Головкин алдағы бойдың фавориті саналып отыр, алайда Лемье бұл жекпе-жекте жеңімпаз болатынын тағы бір мәрте айтып, уәде берді. "Айттым ғой, кімге қарсы шығатыныма байланысты емес, - деді Лемье. - Мен үздіктермен жұдырықтасқым келеді және Геннадий Головкин орта салмақта үздік. Геннадий Головкин бокстағы ең қауіпті адам шығар, бірақ 17 қазанда бәрі сескенетін жаңа жекпе-жекші пайда болады. Екі күшті панчер рингке шығады, қан, отшашу болады және мен жеңімпаз болатыныма сенімдімін".

Ал осының алдында канадалық боксшы қазақстандықды сегізінші раундта нокаутқа түсіретінін мәлімдеген болатын. "Мен GGG-ді сегізінші раундта нокаутқа жіберемін. Бұл туралы бәріне айтуларыңызға болады. Мен бокс тарихына өз атымды енгізгім келеді, мені бүкіл әлем білгенін қалаймын", - деді Лемье.

Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети