IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және DAZN стриминг сервисі бұрын қол қойылған шартты қайта қарастыру туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы The Athletic жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Келісімшарт бойынша Головкин алты кездесу үшін 100 миллион доллар табуы керек еді. Қазақстандық тағы үш жекпе-жек өткізуі керек. Бірақ DAZN өкілдері боксшыдан келісімнің шарттарын қайта қарауды сұраған. Ондағы шарт мынадай еді: оған әр жекпе-жек үшін 15 миллион доллар гонарар берілуі керек.
The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, тараптардың шартты қайта қарау туралы келіссөзі аяқталып қалды.
"Дереккөздер Головкин мен DAZN Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек туралы келісімді қайта қарастыруды аяқтап қалғанын айтты. Кездесу 18 желтоқсанда Флоридада өтуі мүмкін. DAZN қазақстандық боксшыдан гонорарын қысқартуды сұраған. Алты жекпе-жектің әрқайсынан ол 15 миллион доллар гонорар алуы керек болатын", - деп жазды Коппинджер Twitter желісінде.
Головкин рингке соңғы рет 2019 жылғы қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) шықты. Ол кезде украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі титуk алған. Сол шоу кезінде Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!