DAZN Головкиннің үздік бес жетістігін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

DAZN Головкиннің үздік бес жетістігін атады Геннадий Головкин. ©REUTERS

DAZN стриминг сервисі орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) 38 жасқа толуымен құттықтап, оның карьерасындағы үздік бес жетістікті еске түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Головкиннің үздік бес жетістігі қатарына платформа мыналарды қосты: Олимпиаданың күміс медалі, 2008-2017 жылдар арасында 23 нокауттан тұратын серия, орта салмақта бұрынғы біріккен әлем чемпионы, титулын 20 рет сәтті қорғау, орта салмақ тарихында ең үлкен нокауттар пайызы (89,5 пайыз). 

Платформаға Головкин былтыр келген еді. Сол кезде алты жекпе-жек өткізуге қол қойған болатын. DAZN-дағы дебютінде былтыр маусымда канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген. Ал қазанда украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі белбеу иеленген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети