DAZN "Канелоға" қысым жасап отыр - Америкалық журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

DAZN "Канелоға" қысым жасап отыр - Америкалық журналист Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. © HBO Boxing

Амеркиалық Delcotimes.com порталының журналисі Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) үшін қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жектің үлкен маңызы барын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Амеркиалық Delcotimes.com порталының журналисі Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) үшін қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жектің үлкен маңызы барын айтты.

"Канело" DAZN платформасының басты жұлдызы екеніне келісемін. Дегенмен оның Джейкобс және Филдингпен жекпе-жегі жазылушылар қатарын арттырмады. Стриминг сервисі оған үлкен қаражат құйды, енді қайтарымын талап етіп отыр. "Канело" үшін келгендердің қаражаты оның келісімшартына жұмсалған ақшаны жаппайды. Осыған байланысты Головкинмен үшінші жекпе-жектің маңызы артты. DAZN "Канелоға" қысым жасап отыр, өйткені бұл оқиға жазылушылар қатарын көбейтеді", - дейді МакКаферри.

Головкин - "Канело" трилогиясы 14 қыркүйекте өтеді деп күтілген еді, алайда, мексикалық боксшы GGG-мег үшінші рет жұдырықтасудан бас тартқан. Мұның орнына Альварес бірінші ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жұдырықтаспақ еді. Дегенмен ресейлік боксшымен келіссөздер сәтсіз болып, ол қыркүйектегі жекпе-жегін мүлде өткізбейтін болды да, рингке оралуын жыл соңына шегерді.

Ал тамыздың басында IBF өзінің "Канелоға" тиесілі титулын тартып алған. Артынша IBF бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин (39-1-1, 35 КО) жекпе-жегіне рұқсат берді. Тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл жекпе-жек 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтуі мүмкін. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети