1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

DAZN қызметкері Головкин мен "Канело" жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: HBO Boxing Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: HBO Boxing

Америкалық Sport Illustrated журналының тілшісі, DAZN стриминг сервисінде жүргізуші ретінде қызмет ететін Крис Мэнникс қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі мен Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) трилогия мүмкіндігі туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сергей Деревянченкомен жекпе-жектен кейін Головкин наурызда IBF белбеуіне үміткер Камил Шереметаға қарсы кездесуде рингке оралуды көздеп отыр. Головкин әсерлі жеңіске жетсе, онда кеңінен талқыланып жатқан "Канеломен" айқасты қыркүйекте ұйымдастыруға болады", - деп жазған Мэнникс SI.com сайтында.

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы жекпе-жегін қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізіп, екі титул жеңіп алған. Енді боксшы 2020 жылы наурызда рингке оралуы мүмкін.