Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн DAZN стриминг қызметімен бірге АҚШ-та бокс кештерін қайта жандандыру жолдарын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн DAZN стриминг қызметімен бірге АҚШ-та бокс кештерін қайта жандандыру жолдарын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Хирннің ойынша, көрермен қызығушылығын қайта ояту үшін шынымен мықты жекпе-жектер қажет. Промоутер мен әлемдік платформа бірінші бокс кешін тамызда өткізбек. Бұл шоуда бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары Реджис Прогрейс пен Морис Хукер жұдырықтасады. Қыркүйекке Хирн бірінші өте жеңіл салмақта Хуан Франсиско Эстрадо мен Роман Гонсалес арасында белбеу біріктіретін титулды жекпе-жек жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ол өзге де қызықты кездесулерді атады, олардың қатарында:
жеңіл салмақта WBC чемпионы атағы үшін Девина Хэйни мен Люк Кэмпбел арасында;
орта дивизионда WBO чемпионы Деметриус Андраде мен екінш орта салмақта осы титулға ие Билли Джо Сондерс жекпе-жегі;
екінші орта категориядағы WBA титулына ие Каллум Смит пен Дэниэл Джейкобсты жұдырықтастыру;
оған қоса, Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы трилогия.
"Бізде DAZN-мен үш серкеміз (флагман) бар: Энтони Джошуа, "Канело" Альварес және Геннадий Головкин. Бұл бокстағы ең атақты адамдар, сондықтан бокс кестесін осылардың айналасына құру қажет. Прогрейс-Хукер, Эстрада-Гонсалес пен Хейни-Кэмпбелл. Одан кейін Андраде-Сондерс, Каллум Смит пен Дэнни Джейкобс және "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин жекпе-жегін ұйымдастыра алсақ, биылдыққа тамаша жиынтық деп ойлаймын. Көрерменге тамаша өніммен оралу керек,", - дейді Хирн S.I. Boxing подкастында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!