13 тамыз 2018 | 15:27

Де Ла Хойя: Альварес Головкинді өз сөзіне жауап бергізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© iSport.ua © iSport.ua

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесу туралы өз ойын бөлісті, - деп хабарлайды Boxing News 24.

Иконка комментария блок соц сети

"Әрине, Геннадий Альварестің допинг дауына қатысты өз ойлағаны бар шығар, ойын айтып та жатыр. Алайда Сауль Головкинді өз сөзіне жауап бергізеді. Екі боксшы да жекпе-жек алдында біраз нәрсе айтып жатыр, сол себепті де қос боксшы шаршы алаңға шыға салысымен бірінші раундтан бастап бір-бірінің басын жұлып алардай жұдырықтасатын болады. Бізді бірінші жекпе-жектің жалғасы күтіп тұрғанына сенімдімін", - дейді Де Ла Хойя.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети