Де Ла Хойя Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Де Ла Хойя Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жайлы пікір білдірді © sport.bigmir.net

Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы және орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (50-1-2, 34 КО) ісін жүргізетін промоутер Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне баға берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жақында "Канело" - Головкин трилогиясына мүмкіндік бар ма - көреміз. Осында WBC конвенциясында Маурисио Сулейман (ұйым президенті), Том Леффлер (Головкиннің промоутері), мен жаңа келдім ғой... Біз отырып, Саульдің қандай жоспары барын талықлауымыз қажет. Бокс пен "Канелоға" ұтымдыны жасауымыз қажет. Басқасының мәні жоқ. Ең бастысы адамдар үздік жекпе-жектерді тамашалау керек. Саульмен сөйлестік (15 желтоқсандағы жекпе-жек жайлы), әлі нақты жоспарымыз жоқ, сондықтан осында келдім. Не болатынын көреміз. Әзірге қарсыласымыз жоқ, бірақ, ұсыныс көп", - дейді Де Ла Хойя ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин төрешілер шешімімен жеңілген қарымтадан кейін Альварес рингке 15 желтоқсанда оралмақшы. Мексикалық боксшы Давид Лемьемен (40-4, 34 KO) жұдырықтасуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети