Танымал америкалық бокс шолушысы Дэн Рафаэль espn.com порталының чатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегінің келіссөздері қашан жалғасатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Эрик Гомес пен Том Леффлер келіссөз жүргізіп жатты, сосын GGG промоутері елден кетті. Гомес осы аптада маған келіссөздердің келесі аптада жалғасатынын айтты. Асығыс жоқ. Бұл іске асады", - деді Рафаэль.
Осыған дейін Головкин мен Альварес командаларының келіссөздері 22 қыркүйекте басталғаны жайлы хабарланған еді.
Еске салайық, 17 қыркүйекте таңғы уақытта Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылған еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын қорғап қалды. Алайда артынша бокс әлемінің сарапшылары мен жанкүйерлер әбден дауласып, кімнің басым болғанын анықтап жатты. Кейін Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттеткен еді.