Деревянченко Головкинді орта салмақтың үздік боксшылары қатарына қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Деревянченко Головкинді орта салмақтың үздік боксшылары қатарына қосты

Орта салмақта әлем чемпионы атағына екі рет үміткер болған украиналық боксшы Сергей Деревянченко A.B. Boxing News порталына берген сұқбатында орта салмақта қай боксшының мықты екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта әлем чемпионы атағына екі рет үміткер болған украиналық боксшы Сергей Деревянченко A.B. Boxing News порталына берген сұқбатында орта салмақта қай боксшының мықты екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өз тізіміне Деревянченко орта салмақта, яғни 160 фунтта өнер көрсететін барлық чемпиондарды қосқан. Нақтырақ айтсақ, мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (WBA Super), қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO), америкалық Деметриус Андраде (WBO) және өзінің келесі қарсыласы Джермалл Чарло (WBC) бұл тізімде бар. 

"Менің ойымша орта салмақтың үздіктері - "Канело", Головкин, Андраде және Чарло. Бұлардың барлығы дивизионның маңдайалды боксшылары. Бұл салмақта мықты боксшылар өнер көрсетеді. 

Чарлоға қарсы кездесу шоудың басты жекпе-жегі бола ма, жоқ па, маған бәрібір. Мықты айқас болайын деп тұр. Головкинге қарсы кездесудің алдында әр екі ай сайын VADA тест алып тұрды. Бірақ қазір тест тапсыруға мүлде қолайлы уақыт емес. 

Чарло мен Коробовтың арасындағы кездесудің алғашқы алты раундында Матвей жақсы жұдырықтасты. Алайда кейін шаршап қалды. Ал Джермалл болса керісінше алтыншы раундтан кейін ғана бар күшін ортаға салды", - деді Деревянченко. 

Еске салайық, Деревянченко Головкинмен 2019 жылы кездеседі. Бұл жекпе-жекте ол бір рет нокдаун алып қалды. Дегенмен де, ол кездесуде соңына дейін жеткізіп, тек төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. 

Енді ол қырқүйек айында америкалық Джермалл Чарлоға қарсы кездесу өткізеді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети