08 тамыз 2019 13:43

Деревянченко Головкиннен бір саты төмен - Британиялық сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © vringe.com Геннадий Головкин. © vringe.com

Бокс сарапшысы британиялық Майкл Бенсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің басты шиеленісін атады.


Бокс сарапшысы британиялық Майкл Бенсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің басты шиеленісін атады.

"Головкинді мықты қарсыласпен көру қызық болады. Роллспен жекпе-жек көптеген сұрақ тудырды. GGG-ге Джонатан Бэнкс қаншалықты әсер еткенін келесі жекпе-жекте көре аламыз. Деревянченко қатардағы боксшылардан емес. Ол кез келгенге қиындық әкеледі. Головкиннен де, "Канелодан" да бір саты төмен, бірақ жақсы айқас көрсете алады. Бұл "Канеломен" трилогия алдындағы жақсы тексеріс болады. Егер GGG мықтылығын көрсете алса, үшінші жекпе-жекке деген қызығушылық еселене түседі", - дейді Бенсон.

Еске салайық, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин арасында жекпе-жек тағайындады. Енді боксшылардың командалары жекпе-жек өтетін уақыт пен орынды таңдауы қажет. Бұл үшін оларға 30 күн уақыт берілді, егер тараптар 4 қыркүйекке дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети