Димаш Ниязов Астанадағы бокс кешінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Ниязов Астанадағы бокс кешінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды Димаш Ниязов.

Астанада 9 қыркүйекте өтетін бокс кешінде Нью-Йорктың ең мықты полицейі атанған Димаш Ниязовтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 9 қыркүйекте өтетін бокс кешінде Нью-Йорктың ең мықты полицейі атанған Димаш Ниязовтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Отандасымыздың қарсыласы угандалық Чарлес Мулиндва болады, оның есебінде 12 жеңіс бар, 3 рет жеңілген және бір рет қарсыласымен тең түскен", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Мулиндва үш жеңілісінің екуінде ресейлік боксшылар Висхан Мурзабеков мен Манвел Сарксянға есе жіберген. Үшінші рет төрешілердің даулы шешімімен отандасы Ричард Ндифаннан жеңілген. Соңғы рет 29 жастағы боксшы тағы бір отандасы Сулу Катумбамен жұдырықтасып, оны нокаутқа түсірген.

Димаш Ниязов 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Боксшы енді өзінің 12 жекпе-жегін тарихи отанында өткізеді, бұл оның Қазақстанда тұңғыш рет жұдырықтасуы. Себебі, Ниязов 13 жасында АҚШ-қа көшкен. Алайда ол бокспен Шымкентте шұғылдана бастаған. Димаштың ең алғашқы бапкері Нұрғали Сафиулин болған.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жұдырықтасқан Руслам Мырсатаевтың қарсыласы белгілі болған еді. Аса ауыр салмақтағы боксшымыз америкалык Майк Бологунге қарсы шаршы алаңға шығалы. Осы кеште өнер көрсететін Жанқош Тұраров болса аргентинкалық Бруно Леонардо Ромэмен жұдырықтасады.

Еске салайық, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети