09 қаңтар 2017 | 13:22

Джефф Мейвезер Головкиннің неліктен ұлы боксшы бола алмай жүргенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бұрынғы кәсіпқой боксшы, ал қазір Флойд Мейвезердің жаттықтырушысы және ағасы Джефф Мейвезердің пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкин ұлы боксшы болу үшін салмақ дәрежесін ауыстыруы керек, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы кәсіпқой боксшы, ал қазір Флойд Мейвезердің жаттықтырушысы және ағасы Джефф Мейвезердің пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкин ұлы боксшы болу үшін салмақ дәрежесін ауыстыруы керек, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Головкинге аздап тәнтімін. Ол жақсы боксшы және мұнысын одан алып қоя алмайсыз. Маған оның жекпе-жектерін тамашалау ұнайды. Ол орта дивизионда тамаша боксшы, бірақ ұлылардың барлығы бір категорияда тұрып қалмаған. Олар жеңіл салмақтан бастап, салмағын арттыра отырып, әр дивизионда өздерін сынап көрген. Алайда, сізден сегіз фунт қана ауыр мықты жігітпен жекпе-жек ұсынған кезде, сіз бас тартып отырсаңыз, бұл сіздің ұлылыққа тырыспайтыныңызды білдіреді. Сіз тек орта салмақта чемпион атанып, осы салмақта ғана басым болып жүргіңіз келеді, әрине, мұның айыбы да жоқ. Меніңше, Джейкобспен жекпе-жек тамаша болады. Дэннидің мүмкіндігі бар деп ойлаймын", - дейді Джефф Мейвезер Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол Головкиннің қарсыластары әлсіз екенін айтты. 

"Головкин кіммен жұдырықтасты? Мен тек үш адамды айта аламын және Головкин оларды нокаутқа түсіре алмады. Қарсыластарының әлсіздігі ұлы болуға мүмкіндік бермегені де оның кінәсі емес. Бірақ, мен айтқандай, егер сіз ұлы болғыңыз келсе, өзіңізге ыңғайлы салмақты тастауыңыз керек. Алайда, ол мұндайға баруға дайын емес сияқты", - деп айта кетті ол. 

Мұның алдында Джефф Мейвезер Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен болуы мүмкін делінген жекпе-жек туралы пікірін білдіріп, қазақстандықтың бұл жекпе-жекті ақша үшін ғана қалайтынын, бірақ мексикалықты бұған иліктіре алмағанын ойлайтынын айтқан. 

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG жақын уақтты басқа салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы тартымды жекпе-жектерге қол жеткізу үшін 168 фунқа дейін көтерілуі мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети