22 мамыр 2022 11:05

Джермалл Чарло? Әлімханұлы келесі қарсыласын атады

Орта салмақтағы WBO-ның жаңа "уақытша" чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы WBO-ның жаңа "уақытша" чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz

Бүгін Лас-Вегастағы бокс кешінде (Невада, АҚШ) Әлімханұлы Дигнумды нокаутқа түсіріп, уақытша әлем чемпионы атанды. Әлімханұлы 12-ші жеңісіне жетіп отыр, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңілді.

Орта дивизиондағы WBO чемпиондық белбеуінің иегері - америкалық Деметриус Андраде, WBC титулы АҚШ-тың басқа боксшысы Джермалл Чарлода, ал WBA Super, IBF және IBO белдіктері Геннадий Головкинге тиесілі.

Реклама
Реклама

Әлімханұлыға ендігі қарсыласы туралы сұрақ қойылды.

- Келесі жекпе-жек кіммен болады?

- Джермалл Чарломен болуы мүмкін.

- Деметриус Андраде туралы ойың қандай? Андрадемен кездесуге қалай қарайсың?

- Мен қазір рингте тұрмын, чемпионмын. Орта дивизиондағы барлық чемпиондарға айтқым келеді: мен осындамын, мен сіздерді күтемін. Кез келген чемпионмен жекпе-жек өткізуге дайынмын. 

Бұған дейін Әлімханұлы GGG-мен рингке шықпайтынын мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram