13 қаңтар 2017 16:05

Джейкобс 8 жастағы ұлына Головкинмен өткізетін жекпе-жегіне келуге рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс өзінің сегіз жастағы ұлы Натаниэль Джейкобске Головкинмен өткізетін жекпе-жекке келуіне рұқсат берді. Бұрындары оның ұлы әкесінің барлық жекпе-жегін көруге келіп, бірінші қатарда отыратын болған, алайда бұл жолы Джейкобс Головкинмен жекпе-жекке ұлын шақыруға күмәнданған, себебі жеңіліп қалу қаупі бар.


Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс өзінің сегіз жастағы ұлы Натаниэль Джейкобске Головкинмен өткізетін жекпе-жекке келуіне рұқсат берді. Бұрындары оның ұлы әкесінің барлық жекпе-жегін көруге келіп, бірінші қатарда отыратын болған, алайда бұл жолы Джейкобс Головкинмен жекпе-жекке ұлын шақыруға күмәнданған, себебі жеңіліп қалу қаупі бар.

"Мен бұл туралы ойландым, - дейді Джейкобс. - Себебі бокс - спорттың ең қатаң түрі. Ешкім де өз ұлының көзінше соққы алып жатқанын көргенін қаламайтын шығар. Бірақ мен ұлыма осы кездесуді көруге рұқсат бердім. Ол мені спорттық мансабымда жүргелі қолдап келеді. Балам бокстың қандай спорт екенін біледі. Егер ол әкесінің соққы алып немесе жеңіліп жатқанын көрсе, түсінеді. Сондықтан иә, ол сол бокс кешінде мені қолдауға келеді". 

"Менің ұлым - GGG жанкүйері. Баланың ойын өзгертуге қақымыз жоқ. Мен де GGG жанкүйерімін. Бір салмақта өнер көрсеткендіктен, мен оны жеккөріп, оның жекпе-жектерін көрмеуім керек деген сөз емес. Ол - ұлы боксшы. Оны стилі өзгеше. Көп адамға нокауттар ұнайды, менде жақсы көремін. Бірақ сіз оның жекпе-жектерін көрсеңіз, қызыққа толы болатынына күмәнданбаңыз. Сол себепті біз оның жанкүйеріміз. Алайда 18 наурызда тарих өзгереді", - деді боксшы. 

"Сіздер Джейкобстың ұлы ең басты жанкүйері әрі сыншысы екенін түсініңіздер, - деп қолдады боксшының бапкері Андре Розье. - Бұл әрине түсініксіз, бірақ жағдай осындай. Ол осы жекпе-жекті қатты күтіп жүр. Кейін ол бәлкім қандай қателік жібергенімізді айтар".

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети